Қазақстандық Ресейлік Шығыс Шет елдік Әзілдер мен қалжындар Тегін

Өз әуеніңді жүкте

«Өз Әуенім» қызметі шақыру қоңырауын күту сигналы ретінде tonix.kz сайтындағы тиісті бөлімнің көмегімен дербес дыбыстық файлын орнатуға мүмкіндік береді. Осы қызметті пайдалану үшін ALTEL абоненті келесі әрекеттерді орындауы тиіс:

Tonix қызметін қосу;
дыбыстық файлын дайындау;
tonix.kz сайтында авторизациялану;
жүйенің көмекші нұсқаларын пайдалана отырып, оны өзінің компьютерінен немесе ұялы байланыс құрылғысынан жүктеп алу.

«Өзіндік әуен» қызметін пайдалану тегін.


«Өзіндік әуен» -ды өңдеу мен жүктеу қадамдары бірнеше сағатқа дейін созылатынына назар аударыңыз.

«Өз Әуенім» Қызметі Tonix қосылған қызметі болған кезде ғана ұсынылады. «Өз Әуенін» өңдеу және жүктеу бірнеше сағатқа дейін созылуы мүмкін, жүктеу нәтижесі туралы сіз SMS арқылы хабардар боласыз. Сіз рингбэктон ретінде ең көп дегенде, 10 (он) дербес дыбыстық файлын жүктеп, пайдалана аласыз.

Телефонда «Өзіндік әуен» -нің ойнатылу сапасы жүктелетін бастапқы файлдың сапасына, дыбыс қаттылығының деңгейіне, шудың жоқтығына байланысты болатынына назар аударыңыз. Mp3 файлдың ұсынылатын битрейті 160 кбит/сек кем болмауы керек. Жүктелетін файлдың өлшемі 10 Мбайттан аспауы тиіс.

Назар аударыңыз! Жүктелетін файлдың құрамында адамгершіліктің жалпы принциптерін бұзатын дөрекі сөздер мен ақпарат, сонымен қатар адамгершілік абыройды кемітетін, зорлықты, нәсілдік немесе ұлттық қастықты насихаттатын ақпарат болмауы тиіс.
«Өзіндік әуен» операциясын қолданғанда, Сіз Қазақстан Республикасының авторлық және шектес құқықтар саласындағы заңдылықты сақтауға міндеттенесіз.

«Ары қарай» түймесін басып, Сіз tonix.kz сайтында «Өз Әуенім» қызметінің аясында жайғастырылған контентке авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуы үшін материалдық жауапкершілікті көтеретіндігіңізбен келісесіз. «Өз әуенім» қызметінің аясында контентті жайғастыруға байланысты үшінші тұлғалардан шағымдар келіп түскенде, сондай-ақ, авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуы үшін материалдық шағымдану берілген (өтемақы төлеу) жағдайда, Сіз Провайдердің тікелей талап етуінің келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) күнтізбелі күннен кешіктірмей, Провайдердің шығындарын қойылған талап ету мөлшерінде өтеуге міндеттенесіз, шығындардың орнын толтырудан бас тартқан жағдайда, Провайдер Пайдаланушыны Сервистерге кіруін дереу тоқтату және Провайдердің жұмсаған шығындары үшін өтемақы ретінде Абонент төлеген Сервис құнын бір жақты тәртіпте ұстап қалу құқығын өзіне қалдырады.

«АЛТЕЛ» АҚ және «Интек Евразия-КЗ» ЖШС контенттің мазмұны дұрыс болмағанда және/немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының бұзылуы жағдайында, кез-келген уақытта, алдын-ала ескертусіз және себептерін түсіндірусіз Tonix және «Өз Әуенім» қызметтерінің дербес контентін өшіру құқығын өзіне қалдырады.

обзор

Қызметті көрсету шарттарымен келісетіндігімді растаймын